Орынбор Шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ мектебі

Мектеп ұстаздары

Орынбор шекаралық комиссиясының жанындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектеп туралы ережесінің бесінші параграфында сабақ беретін мұғалімдерді орыс және татар тілдерін, көркем жазу мен арифметиканы жетік меңгерген Орынбор Неплюев кадет корпусы оқытушылары мен осы оқу орнында білім алғандар арасынан, немесе Қазан университетін бітірушілер қатарынан таңдап, оларды Орынбор әскери губернаторы рұқсатымен бекіту керектігі көрсетілген. 

Гимнастика сабағы жоспарланып, оған мұғалім Неплюев кадет корпусынан шақыртылған. Орынбор шекаралық комиссиясының жанындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепте Ережеге мынадай пәндер оқытылған:

Татар тілінен колледж хатшысы Бекчурин, орыс тілі мен арифметикадан титулярлық кеңесші Костромитинов, Мұхаммед заңынан Орынбор мешітінің ахуны Ғұсман Мұсаұлы сабақ берген. Шәкірттерге араб, парсы татар тілдері оқытылатын. Бұл пәннен белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекчурин сабақ беретін.

Оқытылатың пәндер