Орынбор Шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ мектебі

Сабақ кестесі

Дүйсенбі, сейсенбі күндері сабақ 9ºº-де басталып, сағат төртте, сәрсенбі, бейсенбіде сабақ сағат 9ºº-де басталып, 11ºº-де аяқталған

Сенбі, жексенбі күндері сабақ 9ºº-де басталып, сағат төртте аяқталған. Аптасына өтетін 20 сабақтың сегізі орыс тілінде, алтауы татар тілінде жүргізілген. Ал қазақ тілінің сабағы болмаған.

ХІХ ғасырдың 50-80 жылдарында қазақ даласында татар тілінің іс-қағаздар тілі болғанын, қазақ тіліне мән берілмегенін аңғару қиын емес. Шәкірттерге араб, парсы татар тілдері оқытылатын.

Бұл пәннен белгілі шығыстанушы Мірсалық Бекчурин сабақ беретін. Мектеп оқушылары ислам дінінің барлық қағидаларын, заңдарын біліп, құран сүрелерін басқаларға түсіндіре алатындай жағдайға жеткізілетін.