Орынбор Шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ мектебі

Мектеп тарихынан

«Шекара комиссиясы жанындағы мектеп 1850 жылдың 22 тамызында салтанатты түрде ашылды, оған қырғыздардың  «қазақтардың» барлық игі жақсылары, оқушылардың ата-аналары мен өзге туған-туысқандары қатысты, олардың бәріне мектепте қонақ асы берілді, сол қонақ асына Орынбор қаласының барлық білікті адамдары қатысты,- деп жазды, - 23 күні қзақтарға  арналып, қаланың сыртында, халықтық мереке өткізілді, онда ат жарыс, күрес және т.б. жарыстар өткізіліп, қонақ асы беріліп, түнге қарай фейерверк жағылды»  

Патша өкіметінің 1844 «Орынбор қазақтарын басқару туралы Ережесі» бойынша Орынбор шекара комиссиясы жанынан отаршылдық аппараттың төменгі буындарына хатшылар мен аудармашылар даярлау мақсатында қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепті ашу ұйғарылды. Алайда кейбір жағдайларға байланысты бұл іс кейін шегерілген.

Оның бірі Шекара комиссия басшылығының мектеп мүмкіншілігін ұлғайтумен байланысты болды. 1847 жылы Шекара комиссиясы әскери губернатор Обручевке қазақ балаларына арналған мектеп жарғысының жобасын ұсынады, бірақ ол, бір жыл өткеннен кейін, яғни 1848 жылдың 26 тамызында мектептің ашу мақсаты бекітілген Ережеге сәйкес емес деп құжатты қайтарады. Обручев геометрия, топография және география, қол өнермен шеберлікке оқыту, әскери гимнастика пәндері бойынша оқыту қажет емес деп ойын білдіріп Шекара крмиссиясының ерекше тапсырмалар шенеунігі Лазаревскийге жаңа жоба жасау тапсырмасын тапсырады.

Шекара комиссиясы төрағасы Ладыженский Сыртқы істер министрлігінің басшысы, құпия кеңесшісі Сенявинге жазған ерекше хатында Обучевтің шешімімен келіспей, алғашқы жобаны қалдыруды сұрайды.

1849 жылдың 16 тамызында Ереже қабылданады.

Мектептің ашылу салтанаты жайында А.В.Васильев «Торғай облысындағы халық ағарту ісі және оның қазіргі күйі туралы очеркінде»: «Шекара комиссиясы жанындағы мектеп 1850 жылдың 22 тамызында салтанатты түрде ашылды, оған қырғыздардың  «қазақтардың» барлық игі жақсылары, оқушылардың ата-аналары мен өзге туған-туысқандары қатысты, олардың бәріне мектепте қонақ асы берілді, сол қонақ асына Орынбор қаласының барлық білікті адамдары қатысты,- деп жазды, - 23 күні қзақтарға  арналып, қаланың сыртында, халықтық мереке өткізілді, онда ат жарыс, күрес және т.б. жарыстар өткізіліп, қонақ асы беріліп, түнге қарай фейерверк жағылды» деп жазды [1, 37-38 бб.]. Мектеп пен Орынбор шекаралық комиссия алаңында 2 жапсаржайы орналасты: бірі аурухана екіншісі асхана және монша.

Мектептің бас ғимараты бір қабатты , тастан жасалған , қасбеті 12 терезеден тұрған бар, көшеге таспен кең кіреберісі және шығыңқы кіреберісі бар.

Мектептің 1980 жылғы жөндеу жұмысынан кейінгі көрнісі

Мектептің бүгінгі күнгі суреті