Орынбор Шекаралық комиссия жанынан ашылған қазақ мектебі

Оқу жұмысының ұйымдастырылуы

Оқуға Орынбор өлкесінен 30 оқушы қабылданды. Оқу құралдары Халық ағарту министрлігі тарапынан қамтамасыз етіліп отырды. Бірақ сонымен бірге оқу орнының жарғысы бойынша мұғалімдер губерния туралы, оған қоса егін шаруашылығы жайындағы мәліметтерді қосып, тарихи, метеорологиялық, топографиялық және статистикалық жазбалар жүргізуге міндеттенді.

Орынбор облысының біріккен мемлекеттік мұрағатының «Орынбор облыстық басқарма» деп аталатын 6-қорында Мектептің 18 жыл бойы қызметіңде 3 түрлі ведомость (мәліметтер тізімі) жүргізілгені анықталды, олар:

Осы ведомостардан 1850-1857 жж. аралығында Орынбор қазақ мектебінде мектеп тәрбиеленушілерінің тізімі, олардың пәндер бойынша жетістіктері мен мінез-құлқы көрсетілген мәліметтер алдық.

Мектепте балдық жүйе болған, ең жоғары балл-12, ең жоғарғы жетістер Шахмұрат Құлыбеков, Шахмұрат Көшербаев, Тоқтамыс Қоспақов, Ыбырай Алтынсарин және Мирғали Бахтияров.

Мектеп ашылған жылдың жазында оқушыларға арнап ішінде керек-жарақтың бәрі бар, ұлттық киім-кешек, көйлек-шалбар (дамбал), аяқ-киім, кітапханасы, дене шынықтырумен айналысатын құралдары, мал дәрігерлік құралдары бар 4 ақ киізден жасалған, 1 қоңыр үй (ас үй) және де бұларға арнап бір үйір сауын биелері мен керемет ер-тұрманы бар мініс аттарын сатып алды, бұл оларды салт атқа мінуге үйрететін әрі қымызбен қамтамасыз ету үшін керек болды. Екі ай бойы олар Орынбор маңындағы далалы жерлерде (көшпелі тұрмыс жағдайында) оқитын; ал мектепте оқыған кездерінде оларға қазақтың ұлттық тағамдарын беруге барынша назар аударылған.

Оқушылардың тізімі, пәндер бойынша жетістіктері мен мінез-құлқы жайындағы мәліметтер

Оқушылардың жай-күйі, сабаққа келуі, кетуі және өзгеруі туралы мәліметтер

Мектеп оқытушылары мен оқушыларының сабақ қалдырғаны жайында мәліметтер